Қазақстанның муай-тайдан әлем чемпионын сыныптасы пышақтап өлтірген
Фото: Instagram/titanclub
Алматыда 20 жастағы муай-тайдан әлем чемпионын сыныптасы өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін спортшының пышақ жарақатынан көз жұмғанын жазған едік. Әли Серіктің 11 жыл бірге оқыған сыныптасы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол спортшыға пышақ сұққанын мойындады. Екі жігіт арасында кикілжің туындап, күдікті қолындағы пышағын спортшыға сұғып алған. Ал марқұмның туыстары Әлиге екі пышақ сұғылғанын айтты.
«Жүрек тұсынан ұрған. Төрт рет. Мойыннан ұрған. Қолында екі пышақ болған ғой. Қос қолдап екеуімен ұрған. Екеуі негізі бір мектепте, бір сыныпта оқыған», - дейді марқұмның анасы.
Әлидің сыныптасы оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай қолға түсті.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының нормалары бойынша, бұл азамат қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүріп, күдіктіге қатаң жаза тағайындалуын талап етіп отыр.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты