Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша

cover Фото: Pixabay.com

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның мемлекеттік қарызының қанша екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның айтуынша, еліміздің қарызы соншалықты көп емес.

«2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн болды. ЖІӨ-ге шаққанда 22,8 пайыз болады. Бізде 33% деген шектеу бар. Ол қауіпсіз болып есептеледі», деді министр үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар