Қазақстанның алты облысы жол жөндеуге қаржы бөлмей отыр

cover

Үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жолдардың сапасына қатысты шағымдардың негізгісі жергілікті желіге түсетінін атап өтті.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бұл жолдарды қалыпты жағдайға келтіру үшін 4 мың 200 шақырым жөнделді, оның үш мың 600 шақырымы биыл аяқталады. Бұл мақсаттарға 384 млрд теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 81 млрд теңге бөлінді.

«Сонымен қатар жол жағдайының көрсеткіштері төмен кейбір өңірлер жергілікті бюджеттен мүлде қаржы бөлмейді, бұл Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарына қатысты», - деді Қарабаев.


Ол стандартты көрсеткіштерге дер кезінде қол жеткізу үшін әкімдіктерге жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар