Қазақстандық журналистерге Тоқаевтың атынан пәтер берілді

cover Фото:daraqory.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Президенттік бастамалардың «Dara» қоры Қазақстанның жетекші медиа ұйымдары қызметкерлеріне Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер сертификаттарын табыстады, деп хабарлайды Orda.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастама – азаматтарды қолдауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде аталды.

Салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Президенттің тапсырмасы бойынша бұл іс-шара үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бұл Мемлекет басшысының отандық БАҚ өкілдеріне әрдайым қолдау білдіретінін көрсетеді», – деді Руслан Желдібай.
Биыл пәтер тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар режиссерлер, операторлар, корректорлар, дубляж редакторлары, дыбыс режиссерлері, қоюшылар және сапалы контент дайындауға қатысатын өзге де техникалық мамандарға да берілді.
Әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылды: пәтер алғандардың қатарында көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Әріптестерімнің жетістігіне шын жүректен қуаныштымын және баршаңызды шын жүректен құттықтаймын», – деп қосты ол. 

Пәтер сертификаттарын «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы, «Хабар» агенттігі, Qazcontent, «Қазақ газеттері», «ЕВРАЗИЯ+ОРТ», Atameken Business медиахолдингі, Tengrinews және басқа да БАҚ қызметкерлері алды.

«Мемлекет басшысының бастамаларының бірі – БАҚ өкілдерін тұрғын үймен қамтамасыз ету – «Dara» қорының тұрақты қолдауының арқасында табысты жүзеге асырылып келеді. Қоғамға оң әсер ететін, азаматтардың әл-ауқатын арттыратын жобаларды жүзеге асыру – біздің басты құндылықтарымыздың бірі», – деді «Dara» қорының басшысы Мұхамедқали Тауан. 


 2023 жылы – 5 мемлекеттік БАҚ-тың 65 қызметкері өтеусіз беру шартымен пәтер алды.
2024 жылы – тағы 68 медиа қызметкерге тұрғын үй берілді.


 

Биыл тағы 66 медиа саласының өкілдері – журналистер мен техникалық мамандар жаңа пәтерлердің кілтін алды. Олар ұлттық медиакеңістікті дамыту жолында күнделікті еңбек етіп келеді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар