Қазақстандағы ескі көлік иелеріне көлік салығын азайтылады
Фото: Айқын
Қаржы министрлігі ескі көлік иелері үшін көлік салығы мөлшерін азайтпақ, деп мәлімдейді Orda.kz.
Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Қаржы вице-министрінен жаңа Салық кодексінде көлік салығына қатысты қандай өзгерістер қарастырылғаны сұралды. Ол 20-30 жылдан астам қызмет еткен ескі көліктерге өзгерістер әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
«Біз бұл мәселелерді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз. Сұрақ көп. Бірақ ресми мәлімдеме жасауға әлі ерте, өйткені түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Бірақ 20-30 жылдан асқан ескі көлікке қатысты сұрақтарымыз бар. Біз оларға жаңа мөлшерлемелермен бірдей салық салынбауы үшін түзету коэффициенттерін қолдануды ұсынамыз. Басқа да халыққа жүктемені азайтуға бағытталған ұсыныстар бар. Ал егер ол қымбат көлік болса, бұл қымбаттылық салығы. Осылайша салық ауыртпалығын қайта бөлуге болады. Бірақ бұл ұсыныс, әзірге нақты шешім қабылданған жоқ», - деді Ержан Біржанов.
Сондай-ақ, министрлік барлық ұсыныстарды талқылап, жинақтағаннан кейін түпкілікті шешім қабылданатынын атап өтті.
Бұған дейін Экономика министрлігі көлік құралдарына салынатын салықты алып тастап, бірақ қозғалтқышы ұлғайтылған көліктерге салықты сақтап қалуды ұсынған болатын. Көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы да талқыланды.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылдың қазан айында қозғалтқышы шағын көліктерге салынатын көлік салығын алып тастау енді қарастырылып жатқанын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы