Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді

cover Фото: gov.kz

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді есірткі қолданғаны және мас күйінде көлік жүргізгені үшін жұмыстан босатуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл әрекеттер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін қылықтар ретінде бағаланады.

Сонымен қатар жазалау мерзімі де ұлғайтылады: бұзушылық анықталған сәттен бастап 3 айға дейін, ал құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 1 жылға дейін тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Бірақ жеңілдететін жағдайлар болса, жаза қолданылмауы да ықтимал.

Сондай-ақ, тексеру жүргізу қажет болған жағдайда шенеунікті еңбек демалысынан да шақыртып алатын болады.

Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік қызметтегі тәртіпті күшейтіп, тәртіптік жауапкершілік жүйесіне деген сенімді арттыруға көмектеседі.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар