Қазақстанда электр энергиясының бағасы 2024 жылдан бастап күрт өсуі мүмкін
Сурет: Айқын
Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы мемлекеттік сатып алу тәртібіне өзгертулер енгізудің ауыр салдары болуы мүмкін екенін ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік ұйымдар кепілдік беруші электр энергиясын жеткізушімен тікелей шарт жасаса алмайды. Қауымдастық осының салдарынан реттелетін энергия берушілер жеке тұлғаларға төмен тарифтерді ұсынатын бюджеттік ұйымдармен келісім-шарттарынан айырылуы мүмкін деп санайды.
Қазіргі уақытта энергия жеткізушілер электр энергиясы тарифтерін қайта қарау мүмкіндігін белсенді түрде талқылауда. Алдын ала болжам бойынша, тұтынушылар үшін жарық үшін төлемдер орта есеппен 50-60 пайызға артады. Айта кетейік, қолданыстағы ережелерге сәйкес, халық үшін төмен тариф бюджеттік кәсіпорындармен тікелей келісімшарттар арқылы субсидияланады.
Бірақ 2024 жылдың басынан бұл компаниялар электр энергиясын конкурстық негізде немесе баға ұсыныстарын сұрау арқылы сатып алуы керек. Ал мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамадағы бұл өзгерістер тарифтерге қатысты қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертеді.
Сектор үшін де, тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін де жағдай жағымсыз. Тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясы төлемдерін ағымдағы саралаудың мәні заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдардың өте жоғары тарифтері есебінен жеке тұлғалардың тиімсіз тарифтерін жабу болды.
«Сатып алудағы соңғы өзгерістер теңгерімсіздік туғызуда. Қазір бюджеттік ұйымдар реттелмейтін ЭҰҰ-ға (энергиямен жабдықтаушы ұйымдар – Ред.) айналып жатыр, сәйкесінше субсидиялар төмен тарифтерді жаппайды, нақты компаниялардың пайдасына кетеді. Сонымен қатар, реттелмейтін ЭҚҰ ешқандай әлеуметтік жүктемені көтермейді, оның ішінде жеке тұлғалар үшін ешқандай міндеттеме жоқ», - деп түсіндірді Orda.kz тілшісіне Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов.
ҚЭҚ алдағы өзгерістерден кейін түзетілген электр энергиясы тарифінің шамамен есебін ұсынды. Атырау облысының мысалында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 844 бюджеттік ұйымның энергиямен жабдықтаушыларға кепілдік беруден кетуіне байланысты тұрғындар үшін электр энергиясы екі еседен астам қымбаттады.
Мұндай тариф өсімі бүкіл Қазақстан бойынша күтілуде, дейді сарапшылар. Қауымдастық сондай-ақ энергетика саласындағы жаңғырту және жөндеу саласында келеңсіз сценарийдің дамуын болжап отыр.
Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін ықтимал ауыр зардаптар туралы үкімет қазірдің өзінде хабардар.
Қауымдастық тұтынушылар арасында тарифтерді саралауды қысқартуды және электр энергиясы тарифтерінің күрт өсуін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуларға түзетулер енгізуді 2030 жылға дейін кейінге қалдыруды ұсынады.
Еске салайық, президент Қазақстан халқына жолдауында алдағы бес жылда 14 гигаватт болатын жаңа энергетикалық қуат іске қосылатынын айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз ГРЭС-1 бірінші блогын қайта жаңғырту биыл аяқталатынын айтты. Станцияда бұрын соңды болмаған сегіз агрегат жұмыс істейтін болады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты