Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды

cover Фото: Pixabay

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы кедей адамдардың санын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

2025 жылғы 4 тоқсан бойынша кедей адамдардың саны 172 652 отбасы, яғни 988 169 адам болды.  Ұлттық статистика бюросының анықтамасы бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар кедей болып саналады, яғни айына бір адамға 58 872 теңгеден келсе.

Қай облыстарда кедей адамдар көп:

  • Түркістан облысы – 8,4%
  • Маңғыстау облысы – 7,9%
  • Абай облысы – 7,4%

Қай облыстарда кедейлер саны аз:

  • Астана қаласы – 2,6%
  • Қарағанды және Атырау облысы – 3,1%
  • Алматы қаласы – 3,5%

Cондай-ақ, Ұлттық статистика бюросы жай ғана кедей болып қоймай, күнделікті жейтін тамағына ақшасы жоқ 51 330 адам бар екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыздар:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар