Қазақстанда бес айда 95 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды
Фото: polisia.kz
Қазақстанда бес ай ішінде 95 нарколабораторияның қызметі тоқтатылды, , деп хабарлайды Orda.kz Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеп.
«95 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды» деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың бес айында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімдерінің үйлестірілген жұмысының нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі құралдары және 15 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленгені айтылған. Бұл арқылы олардың қара нарыққа түсуіне және халық арасында таралуына жол берілмеді.
Мәліметке сәйкес, 14 мыңнан астам есірткі сайты және 15 мыңнан астам банктік карта бұғатталған. Осылайша азаматтар мен ел экономикасына келуі мүмкін 1 миллиард 230 миллион теңгеден астам залалдың алдын алынғаны көрсетілген.
«Соңғы бір айдың өзінде елдің бірнеше өңірін қамтыған бірқатар ауыр есірткі қылмыстары анықталды: Жамбыл облысында 21 келіден астам гашиш тәркіленді, Алматыда 24 келі марихуана өндірілген нарколаборатория жойылды, Маңғыстау облысында 2,5 келі апиын тәркіленді, ал Алматы облысында 190 келі синтетикалық а-PVP есірткісі мен 8 тонна химиялық прекурсор табылды» деп жазылған ақпаратта.
Мәлімет бойынша, барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты