Қазақстан УЕФА турнирі финалын өткізуге үміткер елдердің тізіміне енді

cover Фото: Pixabay

УЕФА 2028 және 2029 жылдары Чемпиондар Лигасын, Еуропа Лигасын, Конференциялар Лигасын және Әйелдер Чемпиондар Лигасын өткізуге 15 ұлттық қауымдастықтан қызығушылық білдіргенін ресми түрде растады, деп хабарлайды Orda.kz.

 Турнирлерді қабылдауға дайын елдер арасында 2029 жылы УЕФА Конференциялар лигасының финалын өткізуге өтінім бергендер арасында  Қазақстан да бар. Елдегі екі қала қарастырылуда: Астана (Астана Арена) және Алматы (Алматы Арена). Соңғы шешім ресми өтінім берген кезде қабылданады.

Финалдық қалалар мен стадиондарды УЕФА-ның атқарушы комитеті 2026 жылғы қыркүйекте бекітеді.

 2028-2029 жылғы турнирлерді өткізуге өтінімдер 2025 жылғы 11 шілдеде басталды, ал қауымдастықтардың қызығушылық білдіруі 22 қазанда аяқталды. Түпкілікті құжаттар мен ұсыныстар 2026 жылғы 10 маусымға дейін ұсынылуы тиіс.

2028 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының финалын Мюнхен (Арена Мюнхен), ал 2029 жылы Лондон (Уэмбли) және Барселона (Камп Ноу) өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан үшін іріктеуге қатысу еурокубок турнирлерінің бір финалын өткізу үшін тарихтағы алғашқы мүмкіндік.

Сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА президенті Александр Чеферинге Қазақстандағы спортты дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

«Реал» футболшылары УЕФА-ға Алматыдағы ойыны адында  Орталық стадион алаңындағы шөптің ұзындығына шағымданып, оны қысқарту туралы өтініш айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар