Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қытайдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде жиырма құжатқа қол қойылды
Фото: Ақорда
Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиырма құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Orda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
Қытайда ШЫҰ саммиті басталды. Ол «Шанхай рухын ілгерілету: ШЫҰ іс-қимылы» ұранымен өтуде. Тяньцзинге оған 20-дан астам елдің көшбасшылары келді, оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (ол саммитке жеті жыл ішінде алғаш рет келді) және Иран президенті Масуд Пезешкиан бар.
Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған құжаттар тізімі төмендегідей:
1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзинь декларациясы;
2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды бекіту туралы шешімі:
– Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2035 жылға дейін дамыту стратегиясы;
– 2026-2030 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша мүше мемлекеттердің ынтымақтастық бағдарламасы;
– 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі жол картасы;
3. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру туралы шешім;
4. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жанындағы бақылаушы мәртебесін алуы туралы шешім;
5. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктесі» мәртебесін бекіту туралы шешім;
6. Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім;
7. ШЫҰ Бас хатшысының келесі құжаттарға қол қоюына өкілеттік беру туралы шешім:
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасындағы болу шарттары туралы ШЫҰ мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісімге хаттама;
– ШЫҰ Хатшылығы мен «Росконгресс» қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылдағы қызметі туралы есептерді бекіту туралы шешім:
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының ұйым қызметі туралы есебі;
– 2024 жылғы ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының қызметі туралы кеңестің есебі;
9. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісім;
10. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен сын-тегеуріндерге қарсы тұру бойынша әмбебап орталық құру туралы келісім;
11. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына байланысты ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
12. Цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
13. Энергетиканың орнықты дамуы бойынша ынтымақтастық туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
14. «Жасыл» өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
15. Жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
16. Көпжақты сауда жүйесін қолдау туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
17. Әлемдік есірткі мәселесін тиімді шешу және онымен күрес жүргізу туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
18. Ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;
19. Тұрақты даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті министрліктері мен ведомстволары басшыларының мәлімдемесі;
20. ШЫҰ мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы ШЫҰ Хатшылығының Қытайдағы болу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісімге хаттама.
30 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына келді.
Жаңалықтар
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды