Қазақстан, Қытай және Ресей құны 7,7 миллиард доллар болатын полиэтилен өндіру жобасын іске қосады
Фото: elements.evento
Қазақстан Қытай және Ресеймен полиэтилен өндіру бойынша бірлескен инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның құны шамамен $7,7 млрд, болжамды қуаты жылына 1,25 млн тонна болады.
Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиэтилен өндіретін интеграцияланған газ-химиялық кешеннің құрылысын премьер-министр Олжас Бектенов Қытай мұнай-химиялық корпорациясының (SINOPEC) басшылары Чжао Донгпен және ресейлік «Сибур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Михаил Карисаловпен талқылады. . Тараптар қытайлық SINOPEC компаниясының жобаға қатысушылар қатарына кіруін мақұлдайтын хаттамаға қол қойды.
Бірлескен кәсіпорындағы акциялардың 40%-ы «ҚазМұнайГазға», 30%-ы SINOPEC пен Сибурға тиесілі болады. Алдын ала болжам бойынша, газ-химиялық кешен жалпы әлемдік полиэтилен өндірісінің 1 пайызын өндіре алады. Зауыт тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта американдық технология бойынша 22 сортты полиэтилен шығарады деп жоспарлануда.
Олжас Бектенов Қытай және Ресеймен бірлескен жобаның қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруды тапсырған Елбасы тапсырмасына сай келетінін айтты. Премьер-министрдің айтуынша, зауытта шығару жоспарланған полиэтилен өндірілетін газдан 20 есе қымбат.
«Шикізат (этан) мен үшінші сатыдағы өнімдер (полиэтилен) арасындағы қосымша құн 20 есеге, тоннасына 80-90 доллардан 1600-1800 долларға дейін артады. Полиэтилен жобасы өңдеу өнеркәсібінің де, жалпы ел экономикасының да дамуына елеулі серпін беретіні сөзсіз. Сарапшылардың есептеуі бойынша жобаны жүзеге асырудан 2030 жылға қарай елдің жалпы ішкі өніміне қосатын үлес шамамен 1,2 пайыз болады»,- деді Олжас Бектенов.
Жоба 2029 жылға дейін жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын құрылысына сегіз мың адам тартылғалы отыр, жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорында 850-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді. Жобада полиэтилен шығаратын зауыттан бөлек, газ айыру кешені мен магистральдық құбырды іске қосу қарастырылған.
Компания арнайы экономикалық аймақ аумағында ашуды көздеп отыр. Премьер-министр Бектенов жергілікті әлеуетті барынша пайдаланып, тек қазақстандық компаниялардан алынатын тауарлар мен жабдықтардың тізімін анықтауды тапсырды.
«Қазақстандық мамандарды дайындауға және құзыреттіліктерін беруге ерекше назар аудару қажет. Біз үшін жобаға жергілікті кадрларды, оның ішінде басшылық лауазымдарға барынша тарту маңызды»,- деді үкімет басшысы.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен