Қазақстан халқы алтын құймаларды сатып ауға құмар 

cover Фото: Elements.envato.com

2025 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктерге және айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 438,4 келі 8 302 алтын құймасы сатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, сатудың негізгі көлемі Алматыда - 5 874 құйма (71%), Астанада - 600 (7%), Қарағанды облысында - 460 (6%) сатылған.

Инвестициялық құймалар Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Alatau City Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ бірқатар банктік емес айырбастау пункттері арқылы сатылады.

 Реттеушінің мәліметінше, 10 грамдық құймалар ең көп сұранысқа ие, олардың үлесіне жалпы сатылымның 26%-ына (63 740 дана) жетті.

Ұлттық банк инвестициялық алтынға деген қызығушылық тұрақты болып қалатынын, ал халыққа өлшемді құймаларды сату бағдарламасы дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстанның Ұлттық банкі алтын құймаларының дизайнын жаңартты, деп хабарлайды Orda.kz.

Биылғы мамыр айының басында Ұлттық банк жаңартылған алтын құймалардың қандай болатынын көрсеткен еді.  Ендігі алтын құймалар ежелгі петроглифтермен безендірілген. Жаңа дизайндағы алтын биылғы жылдың екінші тоқсанында қолжетімді болды. Осыны күткендей-ақ жұртшылық жапатармағай алтын құймаларға бас салды. 

 Жақында Қырғызстанның арнайы қызметі Қазақстан-Қырғызстан шекарасында контрабандашы көлігінен  170 миллион теңгенің алтынын тапқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар