Қазақстан Әзірбайжан мен Армения келіссөздеріне орын ұсынуға дайын — Тоқаев

cover Фото: Ақорда

Қазақстан Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздер үшін алаң беруге дайын, деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен сөйлесу барысында Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік шартын жасау жөніндегі келіссөздер үшін Алматыда  алаңның дайын екенін айтты. 

Сонымен қатар, Тоқаев Әзірбайжан президентін парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, әзірбайжандық спортшылардың V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып жатқаны үшін алғысын айтты.

Әлиев Бакудің Астанамен ынтымақтастықты нығайтуға ары қарай да ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ,  Қазақстанда Әзірбайжан мәдениеті күндері өтетіні де белгілі болды. Шара екі ел халықтарын жақындастырады деп сенім білдірді Тоқаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар