Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
Фото: cultura.kz
Алматы жұртшылығы қазақ киносы арқылы жалпы халықтың жүрегінен орын алған актер Нұрлан Сегізбаевты Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратынан ақтық сапарға шығарып салды. Өнерімен көрермен көңілінде қалған қалған азаматтың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады, деп хабарлайды Orda.kz.
Актер әрі сценарист Нұрлан Сегізбаевтың қоштасу рәсіміне марқұмның жақындары, достары, әріптестері, кино және театр актерлері жиналды.

Қоштасу рәсімінде сөз алған марқұмның досы, белгілі режиссер Болат Ғалымбетовтің толқынысқа толы сөзі жиналғандардың қабырғасын қайыстырды. Ол Нұрланның өнер жолындағы биіктігін ғана емес, ішкі жан дүниесіндегі айтылмаған өкпесі мен арманын да ақтарды.
«Ол — аты аңызға айналған футболшы Тимур Сегізбаевтың туған інісі еді. Бірақ ол ешқашан біреудің тасасында қалған жоқ. Нұрланның ең басты қасиеті — жанының тазалығы. «Қазақфильм» тоқырап, әлі еш сериал түсірілмей тұрған шақта, ең алғашқы «Періште» туындысы дәл осы Нұрланның сценарийімен жарық көрді», — деп еске алды Болат Ғалымбетов.

Режиссердің айтуынша, талантты актер соңғы жылдары өзіне лайықты қолдаудың жоқтығына іштей ренжіп өткен. Керемет сценарийлері қағаз жүзінде қалып, үлкен экранға жолдама ала алмағаны оның жанына батқан.
«Жасыратын несі бар?! Бізге кішкене ренжіді ғой. Себебі оған дұрыс көңіл бөлінген жоқ. Керемет-керемет сценарийлары іске аспай қалды. Ол өзінің өмірінің аз қалғанын сезді. «Маған қашан мүмкіндік береді?» дейтін. «Мен қайдан білемін. Өзім түсіре алмай жүрмін» дейтінмін», — деді досы.
Нұрлан Сегізбаев тек шығармашылықтың ғана емес, тағдырдың да қатал сынағына тап болған еді. Биылғы жылдың наурыз айында дәрігерлер оған өкпенің ауыр дерті (ХОБЛ, 4-ші сатысы) деген қатал диагноз қойды.
Ол өзінің бір сұхбатында: «Менің басты мақсатым — әйелім мен ұлым үшін тірі қалу» деген еді. Үйінде мүгедек ұлы мен ауыр отаны бастан өткерген жары күтіп отырған асыл азамат, соңғы демі таусылғанша жақындарына тіреу болуды армандады.
Бүгін — 28 желтоқсан, Халықаралық кино күні. Тағдырдың жазуымен, өмірін қазақ киносына арнаған Нұрлан Санжар дәл осы кәсіби мереке күні мәңгілік мекеніне аттанды.
«Қараңызшы, бүгін кино күні... Дәл осы күні біз бауырымызды жер қойнауына тапсырып жатырмыз. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, Нұрлан!» — деп түйіндеді сөзін Болат Ғалымбетов.
Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, актер, сценарист және кинодраматург Нұрлан Сегізбаев Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерленді.
Қожаның бұзықтығы мен адалдығын, есейген Нұрланның тереңдігі мен мұңын енді тек таспалардан көретін боламыз. Оның жарқын бейнесі — қазақ киносының алтын қорында, ал есімі халықтың жадында мәңгі сақталады.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды