Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік әдеби сыйлығын иеленді
Фото: ts.cn/xwzx/whxw
Қытайдың Үрімжі қаласында тұратын қазақ жазушысы Анар Зинуарбекқызы Бин Синь атындағы мемлекеттік әдеби сыйлықтың лауреаты атанды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Тяньшань басылымына сілтеме жасап.
Жазушы бұл марапатқа өзінің «600 шақырым: сапар жолында» атты алғашқы эссе жинағы үшін «Ең үздік эссе жинағы» номинациясында ие болды.
Анардың эсселерінде туған жерге деген сағыныш, туыстық байланыс, дала көрінісі, қазақтың ұлттық тағамдары мен қала өмірінің бояуы көрініс табады.
Белгілі қытай жазушысы әрі сыншысы Лю Лянчэн оның шығармалары жақсы бағалады.
Ашық деректерге сүйенсек, Анар Зинуарбекқызы Іле қазақ автономиялық облысының Күнес ауданында дүниеге келген. Ол көркем шығармашылықпен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Туындылары Батыс, Ұлттар әдебиеті сияқты беделді басылымдарда жарық көрген.
Мао Дунь мен Лу Синь атындағы сыйлықтармен қатар аталатын Бин Синь әдеби сыйлығы — Қытайдың ең беделді әдеби марапаттарының бірі. Бұл сыйлық 2002 жылдан бері әр екі жыл сайын табысталып келеді. Биыл байқауға 2023–2024 жылдары жарық көрген 339 жинақ қатысқан.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен