Кәсіпкер Орифжан Шәдиевтің жерлері Ұлттық банктің пайдасына алынды

cover Фото: Orda.kz

Алматы прокуратурасы 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарды.

Қала прокуратурасы сот актілерін және сот үкімдерін талдау негізінде таратылған банктер «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «AsiaCreditBank» АҚ-ның жалғыз акционері болатын борышкердің (жауапкер Шәдиев) мүлкін өндіріп алуды анықтады.

Жауапкердің қарызы 15 миллиард теңгеден астам.

Прокуратурамен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүддесі үшін жауапкер «Ш-ның» жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының қаулысымен Алматы қалалық прокуратурасының талап арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар