Қарағанды облысында балаларының көзінше әйелін өлтірген кісіге қатысты ПД пікір білдірді
Ведомство адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Айта кетейік, ерлі-зайыптылар ажырасқан, бірақ бірге тұрған. Соңғы полиция шақыруы екі жылдан астам уақыт бұрын 2022 жылдың қаңтарында болған. Кісі өлтірілген күні, 25 сәуірде сағат 18:30-да оның қызы полицияға ата-анасының қаржылық қиындықтарға байланысты жанжалдасып жатқаны туралы шағымданған.
Полицейлер келгенде ерлі-зайыптылар шай ішіп отырған. Әйелі тарапынан күйеуін үйден шығару туралы талаптар болған жоқ. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қорғау нұсқамасы және сотқа келу туралы хабарлама берілді. Көршілердің айтуынша, бұған дейін ешқандай жанжал болмаған» деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 25 сәуірде Қарағандыда 52 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап тастаған.
Кісі өлтірілген күні мас ер адам төбелес шығарып, күш көрсетіп, қорқытқан. Ерлі-зайыптылардың 14 жасар ұлы полицияға хабарласқан. Қызметкерлер арызды қабылдап, мас азаматты пәтерде қалдырып кеткен. Екі сағаттан кейін бұрынғы күйеуі әйелін пышақтап өлтірген.
Ер адам ұсталып, жантүршігерлік қылмыстың куәгері болған кәмелетке толмаған балаларға психологиялық көмек көрсетілуде.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр