Қанды Қаңтар: «Қалаулымнан» шыққан Бердақ Бекетов 7 жылға сотталды

cover Фото: inst/berdax_beketov

Алматыда қаңтар оқиғасына қатысты айыпталушыларға үкім оқылды, олардың арасында «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы болған Бердақ Бекетов 7 сотталды, деп хабарлайды  Orda.kz.

Бердақ Бекетов Қаңтар оқиғасында  «жаппай тәртіпсіздік жасады»  деп айыпталып, 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұсталып, қамауға алынды. Оған «жаппай тәртіпсіздікке қатысты»  деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Сот үкімімен бірнеше бап бойынша 7 жылға сотталды.

Бердақ Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен, сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа кінәсіздігі жайлы хат жазып, араша сұраған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар