Қан беруге асыққан ақтаулықтарға Әзірбайжан халқы алғыс айтуда

cover Фото: gov.kz

Әзірбайжандық танымал блогер әрі журналист Хамид Хамидов Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Әзірбайжандық журналист Хамид Хамидов ұшақ апатынан аман қалған жолаушыларға қан беруге асыққан қазақстандықтарға өзінің парақшасында алғыс айтты.

 

«Ақтау қаласындағы қазақ ағайындар ұшақ апатынан аман қалғандар үшін қан тапсыру үшін кезекке тұр. Рақмет сіздерге!» деп жазды ол.

Сонымен қатар, Әзірбайжан БАҚ-тары біздің азаматтарымызға, құтқарушыларымызға және дәрігерлерімізге қайғылы жағдайға көмек бергені үшін алғыс білдіруде.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар