«Қайсаровский» атты қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты
Фото: Pexels
«Қайсаровский» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қылмыс әлемінің серкесі Заңғар Хасеновті өлтіруге оқталу ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарағанды қаласында қылмыстық топ жетекшісі Заңғар Хасеновті өлтірмек болған «Қайсаровский» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Даудың себебі «Өркен-Кентөбе» ЖШС кенішіндегі жанар-жағармай ұрлаудан түскен кіріс пен беделге талас болды.
Сот мынадай түрме жазасын тағайындады:
- Құқымбаев Арман, лақап аты «Кeлес», мерген – 21 жылға;
- Малғаздар Әлішер, лақап аты «Алишка», «Кайсаровские» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі, ұйымдастырушы – 18,5 жыл;
- Қайсаров Данияр, лақап аты «Данко», ұйымдастырушы, Кайсаровские ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі – 18 жыл;
- Әбішев Талғат, лақап аты «Така», Кентөбеден жанар-жағармай ұрлығы, тапсырыс беруші – 18 жыл;
- Сапаров Архат, «Кайсаровские» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі – 18 жыл;
- Мұхамединов Жасұлан, «Қайсаровские» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі – 17 жыл;
- Хачатурян Владимир, «Кайсаровские» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі – сегіз жыл;
- Васенин Олег, лақап аты «Ихсан», Кайсаровские ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі - төрт жыл.
2023 жылы Қарағандыда қылмыс әлемінің беделдісі Заңғар Хасеновке қастандық жасалды. Оған BMW X6 көлігімен қаланың оңтүстік-шығысындағы Invivo клиникасының тұрағынан шығып келе жатқанда шабуыл жасалды.
Заңғар Хасенов белгілі қылмыс әлемінің серкесі және Қарағандыдағы ұйымдасқан қылмыстық топтармен (ҰҚҚ) байланысы бар. 2023 жылы ол ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты