Көкшетауда ҰБТ алдында қызметтік иттер аудиторияны тексереді

cover Іiter.kz

Ақмола облысында сынақтан өткізілетін ҰБТ-ны өткізу алдында аудиторияны қызметтік иттердің көмегімен тексереді, деп хабарлайды Liter.kz.

Шоқан Уалиханов атындағы ҚМУ оқытушыларының айтуынша, университет әр емтихан алдында қауіпсіздікті тексеруге тәртіп сақшыларын тартады.

Студенттердің емтихан алдындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кинологиялық қызметтің өкілдері қатысады.

«Ақмола облысының кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметтік иттері есірткі затын, жарылғыш заттарды танып, ізінен тауып, шабуыл жасаған адамды ұстай алады. Қазір мұнда 30-ға жуық кинологтар мен 40-тан астам үйретілген иттер қызмет етеді», - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кинологиялық орталықтың қызметтік иттері 2020 жылы 500-ден астам қылмыстың ашылуына көмектесті, жарылғыш заттарды іздеуге 17 сапар жасалды.

20-24 қаңтар аралығында Ақмола облысының түлектері Көкшетаудағы Шоқан Уалиханов атындағы ҚМУ-де ҰБТ-дан тест тапсырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар