Jusan Bank жылдық активтердің көлемі бойынша төртінші орынға көтерілді
Jusan Bank 2021 жылға арналған жылдық есебін ұсынды. Оған сәйкес, оның жылдық активтерінің мөлшері бойынша ол тоғызыншы орыннан төртінші орынға көтерілген.
«Жылдық динамикада банктің активтері 923,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2,6 трлн. теңгеге жетті, бұл 55%-ға өсу көрсеткішіне сәйкес келеді. Нәтижесінде біздің нарықтық үлесіміз 7%-ға жақындады, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бізге әлеуетті-жүйелік маңызды ЕДБ мәртебесін берді. Бұл еліміздің қаржылық жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмысын сақтап тұрудағы Jusan Bank-тің рөлін мойындау деген сөз» деді Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.
Jusan Bank Цеснабанкке және АТФ-қа көрсетілген мемлекеттік қолдауды белгіленген мерзімнен бұрын қайтарудың түрлі нұсқасын қарастырып жатыр.
«Қазіргі бизнес моделіміз білім беру саласын қаржыландыруды жалғастыруға, Jana Qazaqstan мемлекеттік стратегиясын қолдауға да жеткілікті таза кірістің жоғары серпінін сақтауға көмектеседі. Jana Jusan стратегиямыз кезінде Цеснабанкке және АТФ-қа көрсетілген мемлекеттік қолдауды белгіленген мерзімнен бұрын қайтаруға бағытталған. Түптеп келгенде бұл еліміздің басшылығына отандастарымыздың және клиенттеріміздің өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік, гуманитарлық және басқа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді» дейді Нұрдәулет Айдосов.
Бүгінгі таңға дейін Цеснабанк және АТФ банк тарапына қатысты жазылған мақалалар мен өзге де ақпараттық жазбалардан белгілі бір дәрежеде нәтиже шыққаны көңілді қуантады. Десе де, жылдық есепте нақты соммалар көрсетілмеген, бірақ алдағы уақытта оған да қол жеткіземіз деген үміт бар. Атап өтетін дүниенің бірі Jusan Bank басшыларының есепті уақытылы ұсынып, халыққа ашық болғандығы шығар.
Нұрдәулет Айдосовтың есебінен тезистер ұсынамыз:
- 2021 жыл – сандық көрсеткіштер өскен жыл болды.
- 2021 жылдың ең басты жетістігі – кредиттік портфельді оңалту.
- Жылдық динамикада банктің активтері 923,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2,6 трлн. теңгеге жетті, бұл 55%-ға өсу көрсеткішіне сәйкес келеді.
- 12 айдың қорытындысы бойынша кредиттік портфельдің өсімі 200% немесе ақшалай есеппен 487 млрд тг ұлғайып, 731 млрд тг құрады.
- Банктің кредиттер нарығындағы үлесі 5,3%-ға дейін өсті.
- NPL 90+ мерзімі кешіктірілген қарыздар көлемі бар-жоғы бір жылдың ішінде кредиттік портфельдің жалпы көлемінен 44,09%-дан 9,47%-ға дейін азайды.
- 2021 жылы проблемалық портфельдің бірден 70,3%-ға қысқаруы қазақстандық банктердің алғашқы ондығының арасындағы ең үздік көрсеткіш болды
- Капитал жеткіліктілігі коэффиценті (k1) 28%, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) 211% құрады.
- Өткен жылы Jusan Bank салымдарының көлемі 56%-ға өсіп, 1,51 трлн теңге көрсеткіштен асып түсті.
- ШОБ сегментіндегі клиенттер базасы 2021 жылы 145 мың бизнес-субъектілерге дейін екі есе ұлғайды.
Алда банк үш бизнес-платформаны 2022 жылғы стратегиялық және негізгі бағыт қылып алуға ниетті:
- Jusan Retail
- Jusan Business
- Jusan Private Banking.
«Сонымен қатар, біз ішкі процестер трансформациясын жалғастырудамыз. Оның мақсаты – банктің тиімділігін арттыру, өнімдер сапасын жақсарту, Jusan экожүйесін пайдалы цифрлық сервистермен толықтыру және клиенттермен қарым-қатынастың омниканалды әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – банкте оңтайлы ішкі климат қалыптастыру және корпоративтік басқарудың ESG стандарттарын нығайту» деді Нұрдәулет Айдосов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық