Үйлену тойында күйеу жігіт қалыңдығының басынан ұрып жіберді

cover скриншот

Өзбекстанда үйлену тойында күйеу жігіт байқауда жеңіске жеткені үшін қалыңдықты қолымен қатты ұрып жіберді.

Бұл туралы Repost хабарлайды.

Үйлену тойында асаба жас жұбайлар арасында конкурс өткізеді. Жарыста күйеу жігіт емес, қалыңдық жеңіске жетеді. Сол үшін ер адам оны бар күшімен басынан соғып қалады. Видеодан қыздың өзін нашар сезініп, құлауға аз қалғанын байқауға болады. Жақын жерде болған әйелдер оған сахнадан түсуге көмектеседі.

Оқиғаның орны мен уақыты туралы нақты ақпарат жоқ. Құқық қорғау органдары да ресми түсініктеме бермеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар