Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель қайтыс болды

cover

Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель97 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz

2001 жылы Рюйтель Эстония президенті болып сайланды. Оның өкілеттігі 2006 жылдың қазан айында аяқталды.

«Президент кеңсесі 2001-2006 жылдар аралығындағы Республика Президенті Арнольд Рюйтельдің 96 жасында қайтыс болғанын қайғырып хабарлайды» делінген хабарламада.

Арнольд Рюйтель1928 жылы Сааремаа аралында дүниеге келген. Эстония Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы жөніндегі хатшысы, Эстон КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Эстон КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы және басқалар қызметтерін атқарды.

Рюютель 1988 жылы Эстон КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Егемендік туралы Декларацияны дайындауда басты рөлдердің бірін атқарды.

Арнольд Рюйтель Эстонияның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға кіруін жақтаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар