«Яндекс тамақ» және тағы басқа қызметтерден тарайды: Мәдиев хакерлік шабуыл туралы айтты
Фото: SecuriXy.kz
Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев 16 млн қазақстандықтың дерегінің таралуы бойынша жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасұлан Мәдиевтің сөзінше, 16 млн қазақстандықтың дерегі көбіне «Яндекс тамақ» және басқа ресейлік қызметтерден тарайды.
«Мәселен «Яндекс тамақ» қызметін алайық. Оның Қазақстандағы штаты үлкен. Жеке деректерді қорғауға келетін болсақ, олар да бағынады. Олар үшін деректерді қорғауда қандай да бір ерекшелік жоқ. Ал ірі дербес дерек иелері хакерлік шабуылға жиі ұшырайды», – деді цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев.
Министрдің айтуынша, осы жағдайдан кейін қазір бір миллионнан астам азаматтың деректерін өңдейтін операторларға арналған міндетті киберсақтандыруды енгізгелі жатыр. Сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйелерді аса маңызды инфрақұрылым нысаны етуді жоспарлап отыр. Бұл қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Сөз соңында министр ресейлік қызметтерге наразылығының жоқ екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 15,8 миллион ЖСН, 17 миллион телефон нөмірі, мекенжай мен өзге де қазақстандықтардың жеке деректері ғаламторға ашық шығып кеткен еді.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды