Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі

cover Фото: Ашық дереккөзден

Ливан мен Израильдің АҚШ-тағы елшілері телефон арқылы сөйлесіп, келіссөздердің өтетін күні мен орнын белгіледі. Бұл туралы Ливан президенті Жозеф Аунның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар алғашқы келіссөзді 14 сәуірде АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткізуге келіскен.

«АҚШ әкімшілігі Ливан мен Израиль арасындағы делдалдықты Мемлекеттік департаментке жүктеу туралы шешім қабылдады. Келесі сейсенбіде алғашқы кездесу өткізіліп, атысты тоқтату туралы жариялау және АҚШ қолдауымен Ливан мен Израиль арасындағы келіссөздердің басталу күні талқыланады» деп жазылған  Ливан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Еске салайық, АҚШ пен Иран екі апталық атысты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейін Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранға соққы жасауды тоқтататынын, алайда Ливандағы «Хезболла» қатысушыларына қарсы шабуылдарды жалғастыратынын мәлімдеген еді.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудан Иранмен келіссөздерге кедергі келтірмеу үшін Ливандағы бомбалауды азайтуды сұрады.

Сондай-ақ кейінірек Израильдің Ливанмен бейбіт келіссөздерді бастайтыны белгілі болды,  бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.

Сонымен қатар израильдік шенеунік басылымға Израиль «Хезболлаға» қарсы операцияны тоқтатқысы келмейтінін айтты. Ал Тегеран Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары 8 сәуірде АҚШ-пен жасалған уақытша оқ атуды тоқтату туралы келісімді бұзады деп есептейді.

Еске салсақ, 2 наурызда таңертең  Израиль армиясы бүкіл Ливанға «Хезболла» инфрақұрылымына шабуыл жасай бастағанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар