Израиль Иран генералы Хосейн Саламидің көзін жойды
Фото: IRNA, әлеуметтік желілердегі бейнекадрлар.
Израиль Тегеранға әуе соққысын жасап, Ислам революциясын қорғаушылар корпусындағы (КСИР) жоғары шенді офицер мен ядролық физиктер қаза тауып, мұнай бағасы көтеріле бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуе соққылары Тегеранның маңындағы кем дегенде алты әскери нысанға, соның ішінде жоғары лауазымды әскерилер мен ғалымдар тұрып жатқан тұрғын үй кешендеріне жасалды.
Ирандық БАҚ мәліметіне сәйкес, соққы кезінде Ислам революциясын қорғаушылар корпусының (КСИР) командирі генерал Хосейн Салами қаза тауып, Tasnim мәліметі бойынша, сонымен қатар екі ядролық физиктің де өмірі қиылыпты. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындар арасында да құрбандар бар деген мәлімет кездеседі.
Иранның негізгі ядролық нысандарының бірі орналасқан Натанз және Хамедан қалаларындағы нысандарға да кейін соққы жасалды.
Израильде төтенше жағдай жарияланып, резервтегілер әскерге шақырылып жатыр.
Шиеленістің өршуіне байланысты мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы да көтеріліп кетті. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері сәуір айының басынан бері ең жоғары деңгейге жетіп, баррелі 75,3 доллар болды.
ЦАХАЛ шабуылын Иранның жақын күндері ядролық қару жасауға қажет материалдың жеткілікті болуы мүмкіндігімен түсіндірді.
Шабуыл кезінде бірқатар әскери командир және Ислам революциясын қорғаушылар корпусының бас қолбасшысы қаза тауыпты деген мәлімет бар.
Жаңалықтар
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады