Израиль Газадан біраз әскерін шығарды, бірақ соғыс аяқталмады

cover

Израиль армиясының өкілі CNN тілшілеріне Газа секторынан кейбір әскерлердің шығарылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль тактикасын өзгертіп, әскер санын қысқарту жоспарын жариялап, кейбір аймақтардан танктерін шығарған. Дегенмен, Газа секторының басқа аудандарында әлі де шайқас жалғасуда.

Контр-адмирал Даниэл Хагари 31 желтоқсанда өткен брифингте кейбір резервтегілер Израильге осы аптаның басында оралатынын айтты. ЦАХАЛ мәлімдемесіне сәйкес, екі бригада азаматтық өмірге оралады, ал қалған үш бригада жоспарлы жаттығуларға қатысады.

Израиль армиясы мұндай қадам «экономикалық ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетеді және әскерлерге биылғы жылы алдағы жауынгерлік операциялар үшін күш алуға мүмкіндік береді» деп түсіндіреді.

30 желтоқсанда елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газадағы соғыс «ең жоғары деңгейде және бірнеше ай бойы жалғасатынын» айтты.

Еске салайық, Израиль армиясы Газа секторының оңтүстік бөлігінде құрлық операциясын 4 желтоқсанда бастаған болатын.

БҰҰ мәліметі бойынша, Газа секторының 2,3 миллион тұрғынының 85 пайызы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ұйым палестиналықтар қысқы суықтан уақытша шатырларды паналағандықтан, аштық пен ауру қаупінің артатынын ескертті.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар