Израиль барлау қызметіне Катардан кетуге бұйрық берілді

cover Сурет ашық дереккөзден

Келіссөзге қатысушыларды қайтару туралы бұйрықты Беньямин Нетаньяху берді.

Израильдің «Моссад» барлау қызметінің қызметкерлері Катардан кетуге бұйрық алды, деп хабарлайды BBC-дің орыс қызметі.

Израиль тарапы радикал ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату туралы келіссөздер тығырыққа тірелгенін мәлімдеді. Израильге оралу туралы бұйрықты премьер-министр Биньямин Нетаньяху бергені нақтыланды.

«Хамас лаңкестік ұйымы Хамас ұсынған және бекіткен тізімге сәйкес барлық балалар мен әйелдерді босатуды қамтитын келісім бөлігін орындамады» делінген хабарламада.


Соғыс басталғаннан бері Катар Хамас пен Израиль арасындағы келіссөздерге арашашы болып келеді. Ол жақында жасалған уақытша атысты тоқтатуды және кепілге алынғандарды босатуды ұйымдастыруда және ұзартуда маңызды рөл атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар