Ит иесін қорғаймын деп өліп кетті: күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ер адам мен оның итіне шабуыл жасаған Алматы тұрғынына қатысты тағы бір бап бойынша іс қозғалды.
Шабуыл жасаған ер адамға әуелі "жануарларға қатыгездік" бойынша айып тағылса, енді бұзақылық жасағаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы) сотталады. Ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Иесін қорғаймын деп, өлген Бобби есімді ит. Әлеуметтік желіде тараған фото
Еске салайық, оқиға қаңтар айының басында Алмалы ауданында болған. Ер адам аулада итімен жүрген досына пышақпен шабуыл жасаған. Бобби есімді үй жануары иесін қалқалап өлді, ал шабуыл жасаған адам қашып кеткен. Алайда көп ұзамай ол ұсталып, іс қозғалды. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен айып тағылды.
Белсенді Наталья Уголькова жануарлар құқығын қорғаушылар ішкі істер министрлігіне хат жазбағанда, шабуыл жасаған ер адам жазадан құтылып, тек айыппұл салынуы мүмкін еді деп есептейді.

Ал жәбірленушінің өзінің құқық қорғау органдарына ешқандай талап-арызы жоқ. Оның анасы Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында полицияның, керісінше, өз жұмысын дұрыс атқарғанын - олар шабуыл жасаған адамды тез анықтағанын айтып отыр.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды