Ислам Кәрімовтың немерелері сегіз жыл ішінде алғаш рет Өзбекстанға келді

cover

Ислам Кәрімовтың немерелері – Гүлнәр Кәрімованың қызы Иман Кәрімова және Лола Кәрімова-Тилляеваның қызы Мәриям Тилляева – сегіз жыл ішінде алғаш рет Өзбекстанда кездесті.

Мәриям Тилляева әйгілі YouTube блогері Амиран Сардаровпен тұрмыс құрған. Қазір ол Мәскеуде, ал Иман Кәрімова Лондонда тұрады.

Отанына келген қыздар алдымен бірқатар сәулет ескерткіштерін аралап, соның ішінде аталары – Өзбекстанның тұңғыш президентінің қабіріне барды. Кесене Самарқандта орналасқан.

Немере апалы-сіңілілер көп суретке түсіп, Instagram-да өз әсерлерімен бөлісті.

Мәриям бірден бірнеше жазбасын жақын туысымен бас қосуға арнады. Солардың бірінде Кәрімовтың немересі неге көп жыл бұрын Иманмен қарым-қатынасын тоқтатқанын айтты. Белгілі болғандай, оған аналары себеп болған.

– Менің әпкем 23 жаста, ол менен алты ай үлкен. Біз онымен бірдей жағдайда өстік. Ол Швейцарияда тұрды, біз атамызға келіп, сол жерде уақыт өткіздік. Біздің аналарымыз қарым-қатынастарын тоқтатқанға дейін ол маған жақсы дос болды. Содан кейін біз де қарым-қатынасымызды тоқтаттық, бізге тыйым салынды.

Мен қатты ренжідім, өйткені менің немере әпкем бар, бірақ мен ол туралы ештеңе білмеймін. Көптеген жылдар өткен соң, қарым-қатынасты қалпына келтіру – мен үшін керемет жаңалық болды, – деп мойындады Мәриям Тилляева.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар