Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
Фото: Wikimedia
Иран Үндістан кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуге мүмкіндік берді. Бұл туралы RT India телеарнасына Үндістандағы Иран елшісі Мохаммад Фатхали мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мәлімдеме Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Иран президенті Масуд Пезешкиан арасындағы телефон арқылы сөйлесуден бір күн өткен соң жасалды. Әңгіме барысында Моди жеткізілімдердің үздіксіз болу маңызын атап өткен.
«Иә, мұны алдағы уақытта, шамамен екі-үш сағат ішінде көресіздер деп ойлаймын. Себебі біз Иран мен Үндістанды достас елдер деп берік сенеміз», — деді ол үнді кемелерінің бұғаздан өтуі туралы сұраққа жауап беріп.
Бұған дейін NDTV телеарнасы кемінде екі үнді мұнай танкері — «Пушпак» және «Паримал» — Ормуз бұғазы арқылы еш кедергісіз өткенін хабарлаған. Ал АҚШ, Еуропа және Израиль елдері кемелері әлі де шектеулерге тап болып отыр.
Сонымен қатар Financial Times басылымының жазуынша, Еуропалық одақ елдерінің кейбірі Ормуз бұғазы мәселесі бойынша Иранмен келіссөз жүргізіп жатыр.
«Францияны қоса алғанда, бірқатар еуропалық елдер өз кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуіне кепілдік беретін келісім жасау үшін Тегеранмен келіссөз бастады» деп жазылған мақалада.
Сондай-ақ бұл мәселені Иранмен Италия да талқылауға тырысқан. Басылымның мәліметінше, жағдайдың ушығуынан қауіптенген Еуропа елдері бұғаз арқылы өтетін кемелерге әскери күш арқылы көмектесуге әзір емес.
13 наурызда Иран Ормуз бұғазына мина қойып жатпағанын мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи AFP агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс Ормуз бұғазы төңірегінде жаңа сипат алды. Иран билігі бұғазды миналағаны туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз:
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Иран соғысы: Ормуз бұғазы маңында 150 кеме кептеліп тұр
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы көтеріліп барады
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен