«Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

cover Фото: Ale_Mi

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы басталғалы бері алғаш рет баспасөз мәслихатын өткізіп, Таяу Шығыстағы күштер теңгерімі өзгеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Биньямин Нетаньяху 12 наурызда өткен брифингте Израиль мен АҚШ бірлескен әрекеттері нәтижесінде Иранның аймақтағы ықпалы әлсірегенін айтты. Оның сөзінше, операциялардың мақсаты — Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу.

Нетаньяху Иран басшысы Әли Хаменеи жойылғанын мәлімдеп, оның ұлы Моджтаба Хаменеи билікті толық бақылауда ұстап отырған құрылымдардың ықпалында екенін айтты.

Сонымен қатар Израиль премьері Дональд Трамппен қарым-қатынасын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасында бұрын-соңды болмаған деңгейдегі саяси және әскери одақ қалыптасқан.

Нетаньяху Таяу Шығыста жаңа альянстар құрылып жатқанын айтып, Ирандағы қазіргі билік ауысуы мүмкін екенін меңзеді. Ол Иран халқын елдегі жағдайды өзгертуге шақырды.

Сондай-ақ премьер Израильдің «Хезболла» қозғалысына қатысты қатаң ұстанымда екенін айтып, егер Ливан бұл топты қарусыздандырмаса, Израиль өз шараларын қолданатынын ескертті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар