«Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Instagram/ akmaralalnazarova
Қостанайдағы дәрігердің соққыға жығылуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр қазақстандықтардан медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасауды тоқтатуды сұрады.
«Құрметті қазақстандықтар, сіздерге медбике қызметінен министрге дейінгі жолдан өткен адам ретінде жүгінемін. Медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатыңыздар! Бұл жай ғана агрессия емес. Бұл — қылмыс», — деді министр.
Сондай-ақ, Әлназарова қыркүйек айында парламентке медицина қызметкерлеріне жасалған қылмыстарға тағайындалатын жауапкершілікті қатаңдату туралы заң жобалары енгізілетінін айтты.
Ол бейбіт күнде дәрігердің өміріне қауіп төнуі ақылға сыймайтын жағдай екенін атап өтті. Мұндай әрекеттерді тұрмыстық дау ретінде емес, қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарау керегін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда науқас хирургті соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірді.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды