Премьер Смайылов хэллоуинді тойлауға қарсы шықты

cover

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов хэллоуин мерекесін тойлауға қарсы шықты.

Бұл туралы премьер сенат дәлізінде журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде айтты.

– Хэллоуин біздің халқымыздың мәдениетіне, дәстүріне сай келмейді деп ойлаймын. Мәселе мерекеде емес десек, жастарға қандай тәрбие береміз? Менің ойымша, рухани құндылықтарды, өзіміздің ұлттық тәрбиемізді жастарға беруіміз керек. Ол үшін отбасы шеңберінде,  мектепте және жалпы қоғамда жұмыс жүргізілуі тиіс. Өз басым бұл мерекені қолдамаймын. Өйткені, бұл біздің дәстүрімізге жатпайды, – деді Смайылов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар