Халықаралық Олимпиада комитетін алғаш рет әйел адам басқарады
Фото: ВВС
Зимбабведен келген Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа басшысы болып сайланды. Оның кандидатурасын ХОК басшысы Томас Бах қолдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Жүзуден екі дүркін олимпиада чемпионы, Зимбабвенің Спорт, демалыс, өнер және мәдениет министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жаңа президенті болып сайланды.
Бұл шешім 20 наурыз, бейсенбі күні Грекияда өткен ХОК-тың 144-сессиясында қабылданды.
41 жастағы Ковентри ХОК-ты басқарған алғашқы әйел әрі африкалық. Ол бірінші турда 97 дауыстың 49-ын алды, кейбір БАҚ оны «таңқаларлық» деп атады. Бұл қызметке барлығы жеті адам өтініш білдірген.
Дауыс беру хаттамасы ХОК сайтында жарияланған.

«Көп жылдар бұрын Зимбабведе алғаш жүзе бастаған жас қыз ретінде мен мұндай сәтті тіпті армандамағанмын да. Мен ХОК-тың алғашқы әйел президенті, сонымен қатар Африкадан шыққан бірінші әйел болғанымды ерекше мақтан тұтамын. Бұл дауыс көптеген адамдарға шабыт береді деп сенемін. Бүгін мен үлгі болуға тиісті өз жауапкершілігімді толық түсінемін», - деді ХОК-нің жаңа сайланған президенті.
Бұған дейін ХОК-ны 12 жыл бойы неміс Томас Бах басқарды. Ол 23 маусымда зейнеткерлікке шығады.
Президентті ХОК мүшелері жасырын дауыс беру арқылы сегіз жыл мерзімге сайлайды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты