Халық қазақ журналистерінен белсенді азаматтық ұстаным күтеді – Балаева
Фото: Orda.kz
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында отандық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, осындай мерекенің болуының өзі-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өміріміздегі маңызын айқындайды.
«Қазіргі заманғы медианың қызметі күнделікті ақпарат тасқынында ең бастысына назар аударуға, оқиғаның мәнін түсінуге мүмкіндік береді», – деп жазды Балаева.
Ол кәсіби журналистиканың қазіргі кезеңдегі маңыздылығы бұрынғыдан да жоғары екенін атап өтті. Министрдің пікірінше, отандық БАҚ Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
«Дәл сіздердің объективті көзқарастарыңыз фейк пен алыпқашпа ақпараттың жолын бөгейтін сенімді қалқан бола алады. Сонымен қатар оқырманды, көрерменді және әлеуметтік желі қолданушысын ақпаратты сын көзбен қабылдауға ынталандырады», – деді ол.
Балаева ауқымды реформалар жүріп жатқан бүгінгі күрделі тарихи кезеңде журналистерге артылар жүктің де ерекше екенін атап өтті.
«БАҚ-тан бұрын-соңды болмаған белсенді азаматтық ұстаным, бейжай қарамау, объективтілік пен кәсіби шеберлік үйлесімі күтіледі. Бұл қасиеттер Қазақстан журналистерінің барлығына тән деп есептеймін», – деді министр.
Сөз соңында Мәдениет және ақпарат министрі барлық БАҚ қызметкерлеріне сарқылмас идеялар, шығармашылық табыс, қызықты сюжеттер мен шынайы разы болатын қоғам тіледі.
Бұған дейін Аида Балаева билік дәліздерінде журналистерге қысым көрсету мен оларға бағытталған қауіп-қатер туралы пікір білдірген еді.
Жыл басында министр онлайн-платформаларда заңға қайшы, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралатынына наразы болды.
Биылғы қаңтар айының соңында Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты тоғыз журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырмады.
Жаңалықтар
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр