«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын жалғастыруда
Ауқымды қайырымдылық «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген немқұрайлы емес азаматтарын біріктірді.
Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында Қор көрсеткен азық-түлік көмегіне үлкен алғыс ризашылық білдірді. Біз бәріміз халықтың бауырмашылығы, жанашырлығы мен бірлігі қаншалықты маңызды екенін айқын көрдік.
«Халық» Қайырымдылық Қорының Қамқоршылар кеңесінің шешімімен 1 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймақтарында кезекті рет «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы басталды.
Қолдау 20 000 отбасына көрсетіледі: жалпы сомасы 500 млн. теңгеге 1 млн кг-нан астам азық-түлік, соның ішінде әр отбасына 50 кг-нан азық-түлік: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит.
Азық-түлік себеттерін Қор бұрын көмек көрсеткен отбасыларына: қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларына тарату жоспарланып отыр.
«Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» Акциясына біздің отандастарымыз үлкен үн қатты. Көп жұмыс жасалды, біздің бірлескен күш-жігерімізбен біз он мыңдаған отбасыларына қажетті азық-түлік көмегін көрсете алдық! Бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес екенін білеміз!
«Халық» Қорының қайырымдылық акциясы бүкіл 2021 жылы бойы бірнеше рет өткізіледі. Біз еліміздің барлық мүдделі азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз - ынтымақтастықта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз - «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясын қолдайық.
Біз бірге қайырымдылықтың ауқымын арттыра аламыз! - деп хабарланды «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің Төрайымы Динара Құлыбаеваның жолдамасында.
Қордың бастамасын біздің еліміздің еріктілері қолдады, олар мүмкіндігінше тезірек азық-түлік себеттерін алушыларға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- Грузия 1 маусымнан бастап туристер үшін кіру шарттарын өзгертеді
- Шымкент әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне пәтер сыйлады
- Армения ҰҚШҰ-ның мүшесі болып қала береді – БАҚ
- Сирия Қорғаныс министрлігі Израильдің Дамаскке соққы бергенін хабарлады
- Катар Шығыс Қазақстанда су электр станциясын салуы мүмкін
- Бюджет шығыстарының төрттен бірі мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалады
- Су тасқынының екінші толқыны екі облыста жалғасуда
- Қазақстан әйелдер денсаулығының әлемдік рейтингінде Ұлыбритания, Франция және Ресейден алда
- Астанада рейд кезінде тәркіленген 10 тонна насыбай өртенді
- Құлсарыда тәулігіне 70 мың текше метр су сорылды
- Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитіндегі Тоқаевтың сөзі
- Жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары 14 алтын медаль жеңіп алды
- 1 маусымда Алматыда орташа жол жөндеу жұмыстары басталады
- Беларусьте тактикалық ядролық қару сынақтан өтеді
- Қырғызстан Қазақстанға транзиттік тәуелділігін азайтпақ
- Батырдың жүз жылдығына орай Астана мектебіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді
- Jusan Bank-тің жай акцияларының иелері дивиденд алмайды
- Голан төбесінде Қазақстан туы желбіреді
- Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс: зардап шеккендер бар
- Тоқаев «Отан Ана» мемориалына гүл шоқтарын қойып, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады