«Хайп үшін»: Блогер Daricorn жолда «шоу» ұйымдастырғаны үшін айыппұл төледі

cover Фото: Daricorn II instagram

Алматы полициясы Daricorn деген лақап атымен танылған Дариға Нұркееваға көлігімен келе жатып, жолда қауіпті әрекет жасаған үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Дариға Нұркееваға ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған «сигнал беру талабын орындамау» және «жол-көлік оқиғасына себепкер болу» сияқты айыптар тағылды. Сонымен қатар, Нұркееваға 60 мың теңге айыппұл салынды.

@ordakazakhstan_tt

DARICORN жазасын алды Жақында ғана жас бүлдіршінді видеоға түсіріп, оны буллингке ұшыратты деген айып тағылған блогер қыз Дариға Нұркеева (DARICORN) жазасын алды. Алайда бұл әрекеті үшін емес, жол ережелерін бұзғаны үшін. Алматы полициясы оның «белгі беру талаптарын орындамау» және «апаттық жағдай жасау» баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

♬ оригинальный звук - Orda.kz
«Барлық жағдай бейнежазбаға жазылған. Онда Нұркеева жол жүру ережесін әдейі бұзып, бұрылу белгісін бермей, жол жолағын лезде ауыстырып, апатты жағдай тудырды. Бұл тек жауапсыздық емес, бұл — айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Ең сорақысы — мұның бәрі желідегі лүпіл пен қаралым үшін жасалып отыр», деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.

Еске сала кетейік, осыған дейін  Daricorn өзінің әлеуметтік желісінде бейнежазбасында тоғыз жасар баланы ата-анасының рұқсатынсыз бейнеге түсіріп, айтпаған ұятты сөзін айтты деп жариялаған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар