Хабиб Нурмагомедов: қазақстандықтар таңғы алтыдан ет жейді

cover Фото: championat.com

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Vesti.kz сайтына эксклюзивті сұхбат берді. Онда спортшы Қазақстандағы сапарынан алған әсерімен бөлісті, сондай-ақ, олардың қонақжайлығы туралы атап өтті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Ет таңғы алтыда басталады. Бешбармақ, жылқы еті, қой еті. Мен оларға бірден: «таңғы асқа сүттен тамақ беріңіз» деп сұраймын. Мен аз ұйsқтап жүрмін, күні бойы кездесуім бар, таңға дейін аузыңа тыным жоқ... Өте жақсы қарсы алды. Білесіз бе, Қазақстанға өз үйіме барғандай барамын. Онда жақын адамдарым көп, достарым, бауырларым, мені қолдайтындар. Оларға үлкен рақмет! Қазақстан үшін, балалар үшін, жастар үшін... Егер қандай да бір көмек керек болса, мен сіздермен біргемін! - деді Хабиб Нурмагомедов.

Нурмагомедов қазақстандық ММА дамуын бағалай келе, Қазақстанда жас жігіттерді спортқа көбірек тарту керек, сонда спортшыларда бәсекелестік болады деген ойда. Сол кезде ғана спортшылар өздерін әлемге жариялай алады.

– Менің ойымша, қазақстандық ММА-ға тек уақыт керек. Жаттықтырушылар да, күрескерлер де, қажетті деңгей де болады. Оған жәй ғана уақыт керек. Турнирлер, белгілі клубтар ашылу керек. Жігіттер одан да көп жаттықса, олардың арасында бәсекелестік болады. Ең мықтысы әлемдік аренаға шығады. Сізде белгілі жекпе-жекшілер бар: сол бір Морозов, Жалғас Жұмағұлов, Дамир Исмағұлов, Шавкат Рахмонов, Артем Резников. Әлемдік деңгейдегі әлемнің ең мықты балуандарымен бәсекеге түсе алатын жақсы және мықты жігіттеріңіз бар. Бірақ бұл тек бастамасы. Олардан кейінгі ұрпақ әлдеқайда жақсы болады деп ойлаймын. Жігіттер ренжімесін, бірақ ол солай болады, оған уақыт куә, - деді спортшы.

Нурмагомедов тек Алматыдағы саяхатымен шектелмей, күзде Атырауға да баруды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар