Google Fitbit ақылды білезіктерін сатып алды

cover

Google ақылды білезік пен фитнес-трекер шығарушы Fitbit-ті сатып алды. Google бұл туралы бейсенбіде өз сайтында хабарлама жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

«Бүгін мен Google Fitbit-ті сатып алғанымызды хабарлауға қуаныштымын», - деді вице-президент Рик Остерлох өзінің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол корпорация пайдаланушылардың денсаулығы туралы ақпаратты қорғауға жауапкершілікті өз мойнына алатынын және оларға өз деректерін басқару мүмкіндігін беруге дайын екенін атап өтті.

2019 жылдың қарашасында Google Fitbit-ті 2,1 миллиард долларға сатып алатынын жариялады. 2020 жылдың тамызында Еуропалық Комиссия бұл мәмілеге қатысты тергеу бастады, өйткені ол сатып алу Google-дің онлайн-жарнама нарықтарындағы позициясын одан әрі нығайтады деп қорқады. Еуропалық комиссияның келісімін мақұлдау үшін американдық корпорация Fitbit мәліметтер базасын жарнамалық мақсаттарда пайдаланбауға, сондай-ақ фитнес-трекер өндірушісінің пайдаланушы мәліметтер базасын жарнамамен байланысты басқа қызметтерден бөлуге міндеттеме алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар