Францияның экс-президенті Саркози абақтыға қамалды
Фото: Reuters
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру ісі бойынша сотталып, Париждегі Ла Санте түрмесіне қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыркүйек айында сот Саркозиді 2007 жылғы сайлау кезінде Ливия билігінен заңсыз ақша алғаны үшін кінәлі деп тапты. Бұрынғы президент бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 100 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттелді. Бес жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
70 жастағы экс-президент бүгін, 21 қазаннан бастап түрмеге тоғытылды.
Ол кетер алдында X желісіне былай деп жазды:
«Бүгін таңертең бұрынғы президент емес, жазықсыз адам темір тордың артына отырды».
Айта кетейік, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді 2005-2007 жылдары Муаммар Каддафи бастаған Ливия билігінен қаржы алғаны үшін кінәлі деп танылған еді.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды