Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Питер Хиггс 95 жасында қайтыс болды

cover Фото: Global Look Press / Tolga Akmen

Физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Питер Хиггс 94 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы 9 сәуірде Эдинбург университетінің мәлімдемесінде айтылған.

Ғалым 8 сәуірде үйінде ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды.

Хиггс өзінің ғылыми ашылымынан 48 жыл бұрын, 1964 жылы элементар бөлшектердің бірі бозонның болуын болжаған, ақыры бұл жаңалық оның атымен аталған. 2012 жылы оның бар екендігі Үлкен адрон коллайдерінде жүргізілген зерттеулер барысында іс жүзінде расталды. Бұл жылдың басты серпілісі деп аталды.

2013 жылы бельгиялық әріптесі Франсуа Энглермен бірге ол Хиггс бозонының бар екендігін теориялық негіздегені үшін физика бойынша Нобель сыйлығын алды.

Сонымен қатар, Хиггс теориялық физика саласындағы жетістіктері үшін сыйлықтар мен медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, ол Лондондағы Физика институты берген Дирак медалінің, сондай-ақ Еуропалық физика қоғамының бөлшектер физикасы және жоғары энергия физикасы бойынша сыйлығының иегері.

Ол сондай-ақ Эдинбург Корольдік қоғамының және Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар