Ержан Бабақұмаровтың өлімі: Сот жабық режимде өтеді

cover Коллаж: Orda.kz

Өткен жылдың қазан айында Ержан Бабақұмаров 36 жастағы танысымен сөзге келіп қалған. Қақтығыс төбелеске ұласып, нәтижесінде Бабақұмаров алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ержан Бабақұмаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ол экс-ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің айналасындағы адам ретінде де танылған.

26 қаңтар күні Астанада оның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдаулары басталды. Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық форматта қаралатын болады. Судья Айжан Құлбаева сот процесінде марқұмның кәмелетке толмаған балаларының мүддесін қорғау мақсатында жабық формат таңдалғанын  айтты.

«Оның артында 16 және 12 жастағы екі баласы қалды. Сондай-ақ, бұл іс адам өміріне қарсы аса ауыр қылмыстарға қатысты болғандықтан, қылмыстың сипаты мен жасалу тәсілдерінің БАҚ-та ашық жариялануы қоғамда кең талқылауға себеп болуы мүмкін», — деп ескертті судья.

Ержан Бабақұмаровтың өліміне күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша сотталатын болады.

Айта кетейік, Екібастұзда айырылысқан екі жасөспірім өздеріне қол жұмсады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар