Ерұлан Жамаубаев пен Тимур Жақсылықов «Даму» қоры директорлар кеңесінен шықты
Фото: Inbusiness.kz
Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Ұлттық экономиканың бұрынғы вице-министрі Тимур Жақсылықов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесінен шықты.
KASE 18 наурыздағы ақпаратына сәйкес, директорлар кеңесінің құрамынан ресми түрде мыналар шығарылды:
Ерұлан Жамаубаев (бұрын Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, Қаржы министрі қызметін атқарған);
Тимур Жақсылықов (Астана қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан инвестициялық қоры басқармасының төрағасы қызметін атқарды, Индустрия министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болды, кейін Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болды);
Ерлан Аушарипов (бұрын «Бәйтерек» АҚ және Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығында жұмыс істеген, 2023 жылдың соңында «Даму» Қорында басшылық лауазымға ие болған).
«Даму» қоры басшылығына директорлар кеңесінен кеткен экс-министр мен бірінші вице-министрдің орнына қазіргі Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин таныстырылды.
Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның жаңа үкіметінің құрамына кірмеген санаулы министрлердің бірі болды. Ол 2020 жылдан бері қаржы министрлігін басқарды.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр