Ертісбаев: ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлады
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, Қазақстанның бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз қалай бұзылғаны туралы айтып берді.
«Ответь Бажкеновой» жаңа шығарылымында Қазақстанның саяси өмірінің белсенді қатысушысы және куәгері Ермұхамет Ертісбаев синофобия мен Қытайға қарсы митингілер толқыны басталған кезде Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы үлкен мақала жазғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл мақала ұнады. Оның үстіне ол қытайтанушы, өзінің еңбек жолын ҚХР-да КСРО кезінде елшіліктен бастаған және қытай тілін жетік меңгерген.
Гүлнар Бажкенова «бұл ретте Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлады, өйткені олар қазір біздің жүктерді өткізбейді» деп атап өтті.
– Соңғы, айталық, жарты жыл ішінде белгілі бір шиеленіс болуы мүмкін. Қытайға қарсы тақырыпты үнемі көтертен ұлтшылдарымызға рахмет айту керек. Ресей Федерациясымен қарым-қатынасты бұзғысы келетін де ұлтшылдарымыз бар. Құдай сақтасын, олардың жоспарлары жүзеге асса, еліміз жаппай дағдарысқа ұшырап, талқандалса, онда ұлтшылдарымызға соңғы рет үлкен рахмет айту керек, – деп жауап берді Ертісбаев.
Қазақстаннан өтетін жүктерді Қытай шекарадан қашан өткізе бастайды деген сұраққа саясаттанушы бұл түсінбеушіліктен туындаған уақытша жағдай екенін айтты. Сонымент қатар ол 1992 жылдың 2 қаңтарынан бастап ҚХР-мен дипломатиялық қатынастар орнатылғанын айтты. Ертісбаевтың пайымдауынша, «Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы тәуелсіздіктің барлық 30 жылында үлгі тұтарлық болған».
Жаңалықтар
- Алматыда полицейлер күшейтілген режимге көшті
- Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңа басшы келді
- Бишімбаевтың ісі келесі аптаға қалды
- Тимур Құлыбаев Лондондағы зәулім үйін 35 миллион фунтқа сатты
- Бишімбаев ісі: Алқабилерге қойылатын сұрақтар іріктеледі
- Павлодарлық құтқарушылар Ертіс өзенінен кеме капитанының денесін іздеп жатыр
- Армения оппозициясы Пашинянға қарсы импичмент жариялайды
- Бразилиядағы су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты
- AlmaTV жоғары деңгейлі кибершабуыл туралы хабарлады
- Грузия 1 маусымнан бастап туристер үшін кіру шарттарын өзгертеді
- Шымкент әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне пәтер сыйлады
- Армения ҰҚШҰ-ның мүшесі болып қала береді – БАҚ
- Сирия Қорғаныс министрлігі Израильдің Дамаскке соққы бергенін хабарлады
- Катар Шығыс Қазақстанда су электр станциясын салуы мүмкін
- Бюджет шығыстарының төрттен бірі мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалады
- Су тасқынының екінші толқыны екі облыста жалғасуда
- Қазақстан әйелдер денсаулығының әлемдік рейтингінде Ұлыбритания, Франция және Ресейден алда
- Астанада рейд кезінде тәркіленген 10 тонна насыбай өртенді
- Құлсарыда тәулігіне 70 мың текше метр су сорылды
- Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитіндегі Тоқаевтың сөзі