Ерлер арасында бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

cover Фото: olimpic.kz

Бүгін бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегі болады. Қазақстандық бес боксшы алтын жүлдеге таласады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қазақстандық боксшылар финалда төмендегі боксшылармен жекпе-жекке шығады:

  • 49 келі: Даниял Сәбит – Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан);
  • 69 келі: Абылайхан Жүсіпов – Бобо-Усмон Батыров (Өзбекстан); 
  • 75 келі: Әбілхан Аманқұл – Саиджамшит Жафаров (Өзбекстан); 
  • 91 келі: Василий Левит – Санжит (Үндістан);
  • +91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалалов (Өзбекстан).

Финалдық күрес Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Еске сасақ, Азия чемпионатында қазақстандық әйелдер құрамасының 8 боксшысы алтын медаль жеңіп алды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар