Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды
Фото: Orda
30 сәуірде Астананың мамандандырылған тергеу соты бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына қатысты 29 сәуірде ұсталған болатын. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі) деген күдікке ілінді.
Наурызда Қазақстанның Бас прокуратурасы бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қаңтар оқиғасы кезіндегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында жауап алғанын хабарлады. Бұл ретте бұрынғы ІІМ басшысының куәгер немесе күдікті болғаны айтылмады.
Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдарында 1984 жылдан бері қызмет атқарған. Ол 2019 жылы Ішкі істер министрі болып, үш рет қайта тағайындалды. Оған дейін Алматы қалалық ішкі істер департаментін басқарған. 2022 жылдың ақпанында ол Ішкі істер министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Сол жылдың тамыз айында Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметтен босатылды.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген