Ердоғанның мәлімдемелерінен кейін Израиль Түркиядағы дипломаттарын кері қайтарды
Бұл Түркия басшысының Ыстамбұлда мыңдаған адам қатысқан митингіде айтқан шулы мәлімдемесінен кейін болған әрекет.
Бүгін Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда мыңдаған палестиналықтарды қолдау митингісінде сөз сөйледі.
«Біз Израильді әскери қылмыскер деп жариялаймыз және бұл туралы халықаралық қауымдастыққа хабарлаймыз. Қазір біз осымен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Түркия басшысы.
Ол сондай-ақ Израильді «басқыншы» және «қылмыстық топ» деп атады. Сонымен бірге ол өз сөзінде олардың Тель-Авивке ғана емес, Газа секторында болып жатқан оқиғаларға жауапты деп санайтын Батыс елдеріне де үндеу жасады.
«Әй, Батыс! Мен сенімен сөйлесіп жатырмын. Крест пен жарты ай арасындағы соғысты қайтадан бастағыңыз келе ме? Осылай етсеңдер, [түркі] халқы өлмегенін біліңдер. Біз биік тұрамыз. Біз Ливияда, Қарабақтағы сияқты, Таяу Шығыста да [іс-қимыл жасаймыз]», - деп келтірді Ердоғанның сөзін BBC.

Ердоғанның қара қылды қақ жарған сөзі жауапсыз қалмады. Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн дипломаттарын Түркиядан шығаруға шешім қабылдағанын мәлімдеді.
«Түркияның мәлімдемелерін ескере отырып, мен Израиль мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қайта қарау үшін дипломатиялық өкілдерді елге қайтаруды бұйырдым» деп жазды Коэн желіде.
Бір күн бұрын Израиль Газа секторындағы құрлық операциясын кеңейтті. Палестина анклавында телефон және интернет байланысы жоғалып кетті, халықаралық құқық қорғау ұйымдары өз қызметкерлерімен байланыса алмайды, деп хабарлайды Euronews. Түнгі шабуыл соңғы үш аптадағы ең күштісі болды. Израиль нысаналар Хамастың жер асты туннельдері екенін айтады.
Газа секторында Израильмен қақтығыс ушыға бастағаннан бері қаза тапқандар саны 7,7 мыңнан асты. Бұл туралы 28 қазанда анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Олардың арасында 3595 бала бар, деп жазады Anadolu. Израильде қаза тапқандар саны 1400-ден асады.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген